Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 182/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2017 жылы Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Жеңіс күніне орай 350000 (үш жүз елу мың) теңгеден қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Шайдаров |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |