Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 127/18-VI "Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1102 болып тіркелген, 2017 жылдың 6 мамырында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Тулеутаев |
Астана қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жүнісов |