Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 5938 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 5С-13/5 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Лощинская
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

      30.03.2017 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Қойшыбаев

      30.03.2017 ж.

  Степногорск қалалық мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 6С-17/5 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

№ р/р

Салық салу объектісінің атауы

Айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

15

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады