Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 5С-13/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 сәуірде № 3698 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 30.03.2017 № 6С-17/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттерде бір жолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-111 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған), 2011 жылғы 4 қарашадағы № 4С-45/4 "Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-150 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Козейчук
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ
      Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Ақмола облысы
бойынша Салық департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.Қойшыбаев

  Степногорск қалалық мәслихатының
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 5С-13/5 шешіміне
қосымша

Салық салынатын объектінің бірлігіне айына бірыңғай тіркелген салық ставкалары

№ р/р

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салық базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде)

1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4
Ойын жолы

15

5
Карт

2

6
Бильярд үстелі

5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады