Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 10.06.2022 № 26/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Т.Тналина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Шедербеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімі |
А.Тайжанов |
2017 жылғы 14 наурыз
Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 шешімімен бекітілген |
Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Тәртіп жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Аршалы ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы тәртіппен мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын кент, ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы кент, ауылдық округ әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етеді.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді кент және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аршалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 шешімімен бекітілген |
Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 19.08.2021 № 13/5 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
р/с № | Аршалы ауданы елді мекенінің атауы | Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Аршалы кенті | ||
1 | Аршалы кенті | 60 |
Ақбұлақ ауылдық округі | ||
2 | Ақбұлақ ауылы | 7 |
3 | Ақтасты ауылы | 2 |
Анар ауылдық округі | ||
4 | Анар станциясы | 8 |
5 | Донецкое ауылы | 3 |
Арнасай ауылдық округі | ||
6 | Арнасай ауылы | 7 |
7 | Бабатай станциясы | 3 |
Бірсуат ауылдық округі | ||
8 | Бірсуат ауылы | 6 |
9 | Байдалы ауылы | 1 |
Бұлақсай ауылдық округі | ||
10 | Бұлақсай ауылы | 6 |
11 | Қостомар ауылы | 4 |
12 | Ақжар ауылы | 1 |
Волгодонов ауылдық округі | ||
13 | Волгодонов ауылы | 9 |
14 | Қойгелді ауылы | 3 |
15 | 42 разъезд | 2 |
Жібек жолы ауылдық округі | ||
16 | Жібек жолы ауылы | 74 |
17 | Жалтыркөл ауылы | 10 |
18 | 41 разъезд | 1 |
19 | 102 разъезд | 1 |
Ижев ауылдық округі | ||
20 | Ижев ауылы | 17 |
21 | Шөптікөл станциясы | 1 |
Константинов ауылдық округі | ||
22 | Константинов ауылы | 9 |
23 | Белоярка ауылы | 2 |
24 | Шортанды ауылы | 2 |
Михайлов ауылдық округі | ||
25 | Михайлов ауылы | 9 |
26 | Николаев ауылы | 2 |
27 | Ольгинка ауылы | 2 |
Сараба ауылдық округі | ||
28 | Сары - Оба станциясы | 5 |
29 | Сараба ауылы | 7 |
Түрген ауылдық округі | ||
30 | Түрген ауылы | 7 |
31 | Красное озеро ауылы | 1 |
32 | Родник ауылы | 1 |