РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Новочеркасск ауылдық округі әкімінің "Новочеркасск селосы көшелерінің атауларын өзгерту туралы" 2009 жылғы 14 қазандағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 10 Новочеркасск ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосы" деген сөзі "ауылы" деген сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новочеркасск ауылдық округінің әкімі |
Т.Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Г.Карасаева |
12.05.17 ж.
Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н.Кулаков |
12.05.17 ж.
Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ғ.Шонабаева |
12.05.17 ж.