Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Тайбай ауылында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 5764 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Тайбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Тайбай ауылында көшелер қайта аталсын:
      1) В. Ленин көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;
      2) Комсомольская көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;
      3) Озерная көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тайбай ауылдық
округінің әкімі
Ж.Жаншуақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады