Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Садовый ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Садовый ауылдық округі әкімінің "Садовый селосының, Березняковка селосының, Заречный селосының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-120 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 6 қазанында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Садовый ауылы, Березняковка ауылы, Заречный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Садовый ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосында" сөздері "ауылының", "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Садовый ауылдық округінің әкімі |
С.Әжібаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Балтағарин |
2017 жылғы "29" 03
Зеренді ауданының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Шәкіржанов |
2017 жылғы "29" 03