Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округінің Владимировка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
2) Владимир Ленин көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округінің Новый городок ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне.
3. Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округінің Спасское ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Школьная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
2) Речная көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Максимов ауылдық округінің әкімі |
Е.Васильцова |