Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі Мәдениет ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 5883 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Зеленобор ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі Мәдениет ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Коммунистическая көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      2) Советская көшесі Сарыарқа көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
А.Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады