Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 197 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 5551 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.06.2019 № 233 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11094 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы басым дақылдардың тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен және егін жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға, 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 380 "Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5086 тіркелген, 2016 жылғы 1-3 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 7 маусымдағы
№ 197 қаулысына 1-қосымша

Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі

Р/с №

Басым дақылдардың атауы

1

Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр, рапс)

2

Бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

3

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер

4

Сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс

5

Жарықты өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдар

6

Жарықсыз өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдар

7

Фермерлік жылыжайда өндірілетін көкөніс дақылдар

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 7 маусымдағы
№ 197 қаулысына 2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға, 1 тоннаға)

Аудандардың атауы

Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр, рапс) 1 тоннаға

Бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер

Әйтеке би

15 000

8 000

8 000

Алға

15 000

8 000

8 000

Байғанин

15 000

8 000

8 000

Ырғыз

15 000

8 000

8 000

Қарғалы

15 000

8 000

8 000

Қобда

15 000

8 000

8 000

Мәртөк

15 000

8 000

8 000

Мұғалжар

15 000

8 000

8 000

Темір

15 000

8 000

8 000

Ойыл

15 000

8 000

8 000

Хромтау

15 000

8 000

8 000

Шалқар

15 000

8 000

8 000

Ақтөбе қ.

15 000

8 000

8 000

      кестенің жалғасы

Сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс

Жарықты өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдар, жылдық нормасы (әрбір дақыл айналымына жеке 50 % төленеді)

Жарықсыз өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдар, жылдық нормасы (әрбір дақыл айналымына жеке 50 % төленеді)

Фермерлік жылыжайда өндірілетін көкөніс дақылдар, жылдық нормасы (әрбір дақыл айналымына жеке 50 % төленеді)

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000

10 000

3 200 000

2 700 000

2 150 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады