Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 347 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қазанда № 5678 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 437 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.10.2019 № 437 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Е. Абдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 347
қаулысымен бекітілген

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған
субсидиялар нормативі

№ р/с

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген
субсидиялар нормативтері (теңге/литр, теңге/кг)

1

2

3

4

1

Сүт

Сары май

12,0

      *31 тонна сары май өндірісіне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады