Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 437 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 6432 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 20.08.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 347 "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 тіркелген, 2017 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтык құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 437 қаулысымен бекітілген

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

№ р/с

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері (теңге/литр, теңге/кг)

1

2

3

4

1

Сүт

Сары май

59,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады