Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тәнірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 "Тәнірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауында деректемесінде "Тәнірберген" сөзі "Тәңірберген" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің атауында ""Танирберген"" сөзі "Танирберген" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемесінде "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 4 тармағындағы "ресмі" сөзі "ресми" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тәңірберген ауылдық округінің әкімі | Д. Тлеуов |