Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасынның Конститутциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 27.12.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 14 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-9-157 тіркелген, 2011 жылғы 14 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского"сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі | К. Нұрғалиев |