Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 132 "Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 97 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 6127 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 132 "Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5525 тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      орыс тіліндегі қаулының 1 тармағындағы "в размере трех процентов списочной численности рабочих мест" сөзі "в размере трех процентов списочной численности работников" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Косымбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады