Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 "Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5738 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасөткел ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 "Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-83 тіркелген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасөткел ауылдық округінің әкімі К. Ташенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады