1. Шалқар ауданы Айшуақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 10 қазақ тіліндегі "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-116 тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің бірінші абзацы 1 тармақ болып саналсын және келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Айшуақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Бегімбет ауылының көшелеріне атау берілсін:";
1 тармақ 2 тармақ болып саналсын;
2 тармақ 3 тармақ болып саналсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | А. Саттыков |