Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Бесжылдық, Қапал, Қоңыртөбе ауылдарындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 50 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 тамызда № 3506 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Бесжылдық, Қапал, Қоңыртөбе ауылдары көшелердің атаулары өзгертілсін.

      1) Шайқорық ауылы бойынша:

      40 лет Победы көшесі – Жетісу;

      Комсомол бұрылысы көшесі – Қарасаз;

      Школьная көшесі – Алаш;

      Школьная бұрылысы көшесі – Алаш бұрылысы;

      2) Бесжылдық ауылы бойынша:

      Гаражная көшесі – Ақдала;

      Школьная көшесі – Бурыл;

      3) Қапал ауылы бойынша:

      Жаңа көшесі – Тұран;

      4) Қоңыртөбе ауылы бойынша:

      Виноградная көшесі – Кіші Бурыл;

      Клубная көшесі – Күлтөбе;

      Садовая көшесі – Жайлау;

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Ж. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады