Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі 17-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 3536 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 64-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 25.06.2020 № 64-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 22.05.2018 № 26-3 (алғашқы ресми жарияланған куннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы: Н.Бегманов
      Жамбыл аудандық
      мәслихаты хатшысы: Р.Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады