"Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 14-12 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 3413 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы №29-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 26.03.2018 №29-9 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 57-58 аудандық "Қордай шамшырағы"-"Кордайский маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9 тармақтың екінші және үшінші абзацтары келесі басылымда мазмұндалсын:

      әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізіміне сәйкес амбулаториялық емдеу кезеңінде емін жалғастырып жатқан адамдарға ай сайын 21 871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге мөлшерінде көрсетіледі;

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда       әлеуметтік көмек арнайы комиссия белгілеген 200 айлық есептік көрсеткіш шегіне дейін көрсетіледі.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қордай аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрайымы мәслихаттың хатшысы
      Қ. Қыпшақбаева Р. Нурсипатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады