Дәрілік затты қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы ХI сессиясының № 248 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 4439 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 553 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін босатылатын дәрілік зат (рецепт бойынша) қосымша берілсін: "Гемобластоздар және апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар" диагнозымен азаматтарға – "Ибрутиниб" дәрілік заты.

      2. Шешімнің орындалысын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Қ. Оспанова
      Облыстық мәслихатының
хатшысы
С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады