Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 117 "Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 218 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 4488 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 117 "Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4128 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қаңтардағы "Шарайна" № 4 (2245) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты қала әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жеті күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Цой
      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады