1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес, Абай және Бұқар-Жырау аудандары арасындағы шекараны өзгерту жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін.
2. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына тиісті өзгерістерді енгізсін.
3. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Абай аудандық мәслихатының экономика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |
Сессия төрағасы | Р. Мұсағалиев |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |
Бірлескен Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 07/02 қаулысымен Абай аудандық маслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы 13 кезектен тыс сессиясының № 13/137 шешіміне қосымша |