Ақбастау ауылындағы көшелердің атауын қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 4269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 және 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылындағы көшелер келесідей:
      1) Садовая көшесін Бәйтерек көшесіне;
      2) Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
      3) Балхашская көшесін Сарыарқа көшесіне;
      4) Ленина және Центральная көшелері біріктіріліп Тәуелсіздік көшесіне;
      5) Карл Маркс көшесін Бірлік көшесіне;
      6) Калинино көшесін Ақниет көшесіне;
      7) Дзержинская көшесін Өрлеу көшесіне;
      8) Чкалова көшесін Даму көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б.М. Оразбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады