Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 04 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4271 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 03.10.2017 № 05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4222 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 қаңтарда "Қарқаралы" газетінің № 9-10 (11530) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 7 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің Аққора, Ақбай-Қызылбай, Белдеутас, Сарыобалы, Талды ауылдарында, Балқантау ауылдық округінің Айнабұлақ, Қарабұлақ ауылдарында, Бесоба ауылдық окургінің Бесоба, Қарашоқы, Қызылту ауылдарында, Жаңатоған ауылдық округінің Ежебай, Жаңатоған ауылдарында, Қайнарбұлақ ауылдық округінің Аппаз, Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз ауылдарында, Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл ауылында, Қаршығалы ауылдық округінің Жаңажол, Көктас, Саумалкөл ауылдарында, Қырғыз ауылдық округінің Борлыбұлақ, Бүркітті, Жәнібек, Кент, Талды ауылдарында, Қоянды ауылдық округінің Атантай, Қоянды ауылдарында, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Бастал, Өсібай, Көлбасы ауылдарында, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Ақшоқы, Жарлы, Жекежал ауылдарында, Тәттімбет ауылдық округінің Ақтасты, Шілдебай ауылдарында, Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы, Қарынши, Тегісшілідік ауылдарында, Темірші ауылдық округінің Айнабұлақ, Қараағаш, Татан ауылдарында, Томар ауылдық округінің Томар ауылында, Угар ауылдық округінің Матақ ауылында, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол ауылында, Ынталы ауылдық округінің № 5 Разъезінде, Ынталы ауылында және Қарағайлы кентінде қардың көп еруінің және су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады