Қарқаралы ауданы әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 05 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 4373 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4222 болып тіркелді, 2017 жылы 22 сәуірде "Қарқаралы" газетінің № 33-34 (11554) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 27 сәуірде жарияланған) шешімі;

      2) Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 01 маусымдағы № 04 "Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 02 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4271 болып тіркелді, 2017 жылы 10 маусымда "Қарқаралы" газетінің № 47-48 (11568) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 16 маусымда жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Аудан әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады