Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Құланөтпес ауылының көшелері:
1) 40 лет победы көшесі Жеңіс көшесіне;
2) Набережная көшесі Атамекен көшесіне;
3) Студенческая көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | У. Сарсенбаев |