"Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 "Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 20/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 мамырда № 4254 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.01.2021 № 03/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 "Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4139 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 ақпандағы № 7 (7543) "Сельский труженик" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1–қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі";

      көрсетілген қаулының 2–қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі";

      көрсетілген қаулының 3–қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Қ. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады