Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 4139 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.01.2021 № 03/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 25.04.2017 № 20/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осакаров ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осакаров ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Қ. Шайжанов

  Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 03/01 қаулысына
  1- қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері %

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

"Цильке Анатолий Карлович" шаруа қожалығы

3

33,3

1

2

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің "Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1

1

3

"Садовое и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

146

0,7

1

  Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 03/01қаулысына
2- қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері %

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

"Разрез Молодежный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1045

0,1

1

2

"Бухлов" шаруа қожалығы

6

17

1

3

"Жана Ай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

2

1

  Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 03/01қаулысына
3- қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 11.06.2018 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері %

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының пайдалану басқармасы

724

0,15

1

2

Қарағанды облысы білім басқармасының "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Литвинск жетім балалар және ата-ананың қамқорсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150

1,4

2

3

Қарағанды облысы білім басқармасының "Пионер балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады