Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 қаңтарда № 6163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Н. Кобжанов

  Осакаров ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 11
қаңтардағы
№ 03/01
қаулысына қосымша

Осакаров ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы "Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 03/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4139 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 ақпанда № 7 (7543) "Сельский труженик" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 ақпанда жарияланған).

      2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі "Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 "Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 20/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4254 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 23 мамырында жарияланған).

      3. Осакаров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы "Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 "Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 41/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4830 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 4 шілдесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады