Осакаровка кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 4497 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кент тұрғындарының пікірін ескере отырып, Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Осакаровка кентіндегі көшелер келесідей болып қайта аталсын:

      1) Осакаровка кентінің Дальняя көшесін Ақжар көшесіне;

      2) Осакаровка кентінің Нефтебазовская көшесін Сарыбұлақ көшесіне;

      3) Осакаровка кентінің Релейная көшесін Бүйректал көшесіне;

      4) Осакаровка кентінің 1-ая Семилетка көшесін Күншуақ көшесіне;

      5) Осакаровка кентінің 60 лет СССР көшесін Болашақ көшесіне;

      6) Осакаровка кентінің Литвиновская көшесін Әлихан Бөкейханов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Осакаровка кенті әкімінің орынбасары Б.О. Жетписбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі С. Акижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады