Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 58/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қарашада № 4437 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 09/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 19.02.2018 № 09/01 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №48/01 "Аудан бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Шет ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

  Шет ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" қазандағы
№ 58/06 қаулысына қосымша

Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес
 

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

75

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

10000

2

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Нұрдәулет" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

50

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

9780

3

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

140

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

10460

4

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Нұршуақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

160

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

12560

5

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Балбөбек" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

180

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

15280

6

Шет ауданы әкімдігінің Шет ауданының білім бөлімінің "Балдәурен" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

50

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

9780

7

Шет ауданының білім бөлімінің "Бұрма жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

44

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780

8

Шет ауданының білім бөлімінің "Нұраталды жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780

9

Шет ауданының білім бөлімінің "Талды жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780

10

Шет ауданының білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780

11

Шет ауданының білім бөлімінің "Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

20

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780

12

Шет ауданының білім бөлімінің "Сәкен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

42

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

9780


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады