Ақшатау кентінің аумағындағы шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшатау кенті әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 4187 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 08-09-02/06 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Ақшатау кентінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақшатау кенті әкімінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы "Ақшатау кентінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 02 (10623) "Шет Шұғыласы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық банкісінде 2017 жылы 31 қаңтарда жарияланған), күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғаш жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақшатау кентінің әкімі Қ.Ә. Омарбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады