"Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 26 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 6111 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5702 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы "20" желтоқсандағы № 26 шешіміне қосымша
  Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы "22" желтоқсандағы № 21 шешіміне қосымша

Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі

      1. Осы тәртіп Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы, 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қызылорда облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.

      2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға, аталған өнімді сатуға арналған сауда объектілерінен және қоғамдық тамақтану объектілерінен тыс рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады