Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 658 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 5902 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 697 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімінің 27.10.2017 № 697 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік жер қорындағы алқаптардың саяқ шегіртке зиянкестерімен зақымдануына байланысты Қызылорда қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Ө.Шәменов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады