Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 151 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 6113 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін - ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІХ сессиясының төрағасы:
А.Орымбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: К.Назымбеков
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Т.ДҮЙСЕБАЕВ
"22" желтоқсан 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады