Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 19.03.2018 № 679 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "15" маусымдағы | |
№ 498 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің |
Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Тұрмағамбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 250 | 3 | 8 |
2 | "Акжар Агро Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |
3 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 108 | 3 | 3 |
4 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің №121 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 133 | 3 | 4 |
5 | "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 79 | 2 | 2 |
6 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 142 | 3 | 4 |
7 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің "Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 88 | 2 | 2 |
8 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 122 | 3 | 4 |
9 | "Ақтөбе и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2 | 2 |
10 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің А.Жанпейісова атындағы "№105 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 90 | 2 | 2 |
11 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің Тәйімбет Көмекбаев атындағы "№250 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 201 | 3 | 6 |
12 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 79 | 2 | 2 |
13 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 | 1 |
14 | "Қармақшы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 | 1 |
15 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесі | 64 | 2 | 1 |