“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 498 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5895 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкiмiнiң орынбасары М.Самитовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С.Мақашов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 679 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 05.09.2018 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедек тер үшін жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 82 | 2 | 2 |
2 | "Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №14 "Шолпан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 19 | 2 | 1 |
3 | "Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 19 | 2 | 1 |
4 | "Қармақшы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 | 1 |
5 | "Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№11 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 37 | 2 | 1 |
6 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №20 "Толғанай ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 32 | 2 | 1 |
7 | "Жосалы кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің №1 санаториялық ясли- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 | 1 |
8 | "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №19 "Балдәурен" ясли-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 2 | 1 |
9 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №21 "Тоғжан" ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 52 | 2 | 1 |
10 | "Қармақшы аудандық білім бөлімінің №106 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 | 1 |
Барлығы | 474 | 11 |