Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 116 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қазанда № 5980 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін “Отан”, “Даңқ” ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - “Халық Қаһарманы” атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін ай сайын - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезекті 14-сессиясының төрағасы
М.Есщанов
      Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы: М.Наятұлы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
________________Е.Біләлов
"20" қыркүйек 2017 жыл.
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________А.Байсынов
"20" қыркүйек 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады