Жаңаталап ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 5926 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаталап ауылының атауы жоқ көшеге "Дайрабай Бекбергеновтің" есімі берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Қ.Абдикалыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады