Атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 59 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 3406 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарға ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 23 ақпандағы қорытындысының негізінде Сарға ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарға ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Солтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Егемен ел;

      2) Батыстағы бірінші көшеге - Тәуелсіздік;

      3) Оңтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Қаналыұлы Абдолла.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 11.01.2022 № ПИ-74982 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Сарға ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Н.Айдарханова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі М. Болысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады