Сарға ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылы әкімінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ПИ-74982 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26542 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1.Сарға ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Сарға ауылы әкімінің "Атаусыз көшелерге атау беру туралы" 2017 жылғы 10 шілдедегі № 59 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3406 болып тіркелген):

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1.Сарға ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Солтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Егемен ел;

      2) Батыстағы бірінші көшеге - Тәуелсіздік;

      3) Оңтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Қаналыұлы Абдолла.";

      2) Сарға ауылы әкімінің "Сарға селолық округі әкімінің 2008 жылғы 14 қазандағы №83 "Жаңа көшеге ат беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 10 шілдедегі №60 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 болып тіркелген):

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы №40 және Маңғыстау облыстық маслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы №7/95 "Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3309 болып тіркелген) бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес ШЕШТІМ:"

      2."Сарға ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарға ауылы әкімінің міндетін атқарушы Н. Айдарханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады