Мұнайшы ауылы әкімінің 2017 жылғы 12 шілдесіндегі № 42 "Мұнайшы ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 135 "Мұнайшы кентіндегі жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 42 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 4402 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 05-10-1061 ақпараттық хатының негізінде Мұнайшы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Мұнайшы ауылы әкімінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 42 "Мұнайшы ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 135 "Мұнайшы ауылындағы жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3405 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнайшы ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі №135 "Мұнайшы ауылындағы жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы";

      1 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мұнайшы ауылы әкімінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 135 "Мұнайшы ауылындағы жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған шағын аудандарға атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-4-63 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 тамызда "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайшы ауылының әкімі Б. Бекмурзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады