Әкімдіктің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 "Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 181 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 7037 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 "Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4122 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттiк тiлдегi тақырыбында және бүкiл мәтiн бойынша "селосындағы" деген сөз "ауылындағы" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-

      Торғай бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ Г. Оспанбекова

      2017 жылғы 10 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

      Тұтынушылардың құқықтарын

      қорғау комитетінің Қостанай

      облысы тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ В. Нечитайло

      2017 жылғы 10 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады