Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 "Қостанай облысының аумағындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 498 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 7269 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 "Қостанай облысының аумағындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша күзет аймағының шекарасы;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың күзет аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі .";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулы осы қаулының 1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар

      дүниесі комитетінің Қостанай

      облыстық орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі аумақтық

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Д. Жұмабаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 498 қаулысына 1-қосымша
  Әкімдіктің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 44 қаулысына 1-қосымша

Жоспарланатын "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватын функционалдық аймақтарға бөлу картасы

     


  Әкімдіктің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 498 қаулысына 2-қосымша
  Әкімдіктің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 44 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шауашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - табиғи резерват) күзет аймағында:

      1) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;

      2) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге;

      3) пайдалы қазбалар өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

      6) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);

      7).жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;

      8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке жол берілмейді.

      2. Табиғи резерваттың күзет аймағының аумағында табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

      3) туристiк және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

      7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

      8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

      10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи резерват қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

      3. Табиғи резерваттың күзет аймағында осы қосымшаның 2-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ табиғи резерваттың өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады