Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 7370 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.01.2020 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 596 қаулысымен
бекітілген

Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және экономикалық маңыздылық принциптері мен тасымалдауды жүзеге асырған кезде пайда болатын шығыстарды өтеуге арналған теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдауын субсидиялау көлемін есептеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен ақшалай түсімдер;

      2) вагонның жүрісі – вагондар санының жөнелтілу станциясынан межелі станцияға дейін және кері қарай тасымалдау қашықтығына (километр мөлшерімен) көбейтінді ретінде есептелетін вагон-километрде өлшенетін көрсеткіш;

      3) жолаушылар айналымы – жолаушылар тасымалдарының көлемін жолаушы-километрде көрсететін көрсеткіш, жолаушылар санының тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде есептеледі;

      4) жол жүрудің орташа ұзақтығы – жолаушы-километрдің жөнелтілген жолаушылар санына қатынасымен анықталады;

      5) өзге де қызметтер – тасымалдаушының жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауға байланысты емес өзге де қызметтерді көрсетуі;

      3. Әдістеме Қостанай облысы әкімдігі теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға уәкілеттік берілген атқарушы органмен (бұдан әрі – атқарушы орган) конкурсқа қойылған әрбір теміржол қатынасы бойынша субсидиялардың қажетті көлемін айқындау үшін қолданылады.

2. Есептердің негіздемелері

      4. Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер тасымалдаушылар орындайтын мынадай бір топ операциялардан құралады:

      1) жолаушыларға қызмет көрсету бойынша (жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын персоналды ұстау, анықтамалық-ақпараттық қызметтер құны);

      2) жолаушылар үшін вокзалдар қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер: тасымалдау қызметтерімен байланысты өндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және жолаушылар шаруашылығы жабдығына қызмет көрсету бойынша;

      3) жолаушылар шаруашылығының өндірістік негізгі құралдарының амортизациясы (тозуы);

      4) жолаушылар шаруашылығының өндірістік негізгі құралдарын күрделі жөндеу;

      5) жолаушылар шаруашылығының өндірістік ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын және мүкәммалын ағымдағы жөндеу;

      6) жолаушылар поездарындағы вагондарға қызмет көрсету бойынша;

      7) жолаушылар поездарындағы вагондарға қызмет көрсету бойынша: басқалары (жолсеріктердің еңбекақысы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар);

      8) жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау бойынша;

      9) биоәжетханаларды ассенизаторлық тазарту бойынша;

      10) жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тікелей іске қосылған активтердің амортизациялық аударымдары;

      11) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі кеңесінің 2009 жылғы 21-22 мамырдағы № 50 хаттамалық шешімімен бекітілген Қолданыстағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында (бұдан әрі – Вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығы) белгіленген көлемдерде жеке жылжымалы құрамды деполық және күрделі жөндеу бойынша;

      12) Вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және ағытпа жөндеулер бойынша;

      13) төсек-орын керек-жарақтарын және жұмсақ жиналмалы мүкәммалды жуу, жөндеу және дезинфекциялау бойынша;

      14) жолаушылар вагондары үшін мүкәммал мен жабдықтарды сатып алу және күтіп- ұстау бойынша;

      15) вагондарды төсек-орын керек-жарақтарымен, жұмсақ және басқа да мүкәммалмен жабдықтау бойынша;

      16) жалпы жол шығыстары (Қазақстан Республикасы аумағы шегінде магистралдық теміржол желісі қызметтері және локомотивті тартым, жалға алынған вагондар үшін жалдау ақысы);

      17) электр секциялар және дизельді поездар жұмысы бойынша;

      18) электр секциялар мен дизельді поездарды рейске дайындау және алып жүру бойынша;

      19) электр секциялар және дизельді поездардың амортизациясы (тозуы);

      20) пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде электр секцияларды және дизельді поездарды күрделі жөндеу бойынша;

      21) пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету нұсқаулығымен белгіленген көлемдерде электр секциялар және дизельді поездарға техникалық қызмет көрсету бойынша.

3. Пайдалану көрсеткіштерінің көлемін айқындау

      5. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: тасымалданған жолаушылар саны, жолаушылар айналымы, магистральдық теміржолдар бойынша вагондардың жүрісі. Вагон жүрісін есептеу мынадай құрамдастардан жүргізіледі:

      1) жолаушылар поезының барлық жүру жолындағы және Қазақстан Республикасының шекарасындағы қатынау маршрутының қашықтығы (поездар қозғалысының кестесі бойынша анықталады);

      2) жолаушылар (халық) тасымалын талдау негізінде анықталатын құрамдағы вагондар саны;

      Вагондар жүрісін есептеу вагондардың түрлері бойынша бөлінеді.

      6. Жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Vваг-км.= 25 * Nваг.* Nрейс

      мұндағы:

      Vваг-км. – жолаушылар поезы вагондарының жүрісінің болжамды көлемі;

      2 S – тура және кері қашықтық, км;

      N ваг – құрамдағы вагондар саны;

      N рейс – жоспарлы кезеңіндегі поезд қатынауларының кезеңділігі.

      Болжамды жолаушылар айналымын есептеу вагондардың жүріс сомасын теміржол көлігінің даму бағдарламасы бойынша жоспарлы өсуін есепке ала отырып, алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар санына көбейтумен анықталады:

      V пасс/км = * V ваг. км* p

      мұндағы:

      Vпасс/км – болжамды жолаушылар айналымы, жолаушылар-километр;

      p – алдыңғы жыл бойынша орташа жолаушылар саны.

      Жолаушылар айналымы вагондар түрі бойынша жоспарланады. Жоспарланатын кезеңге орташа жолаушылар саны мынаны ескере отырып есептеледі:

      1) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында жолаушылар поезы вагонының 50% толуынан орташа жолаушылар саны асатын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 60% белгіленеді;

      2) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында жолаушылар поезы вагонының 50% толуынан орташа жолаушылар саны аспайтын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 20% белгіленеді;

      3) егер де өткен кезеңнің талдауы бойынша барлық жүру жолында электрдизель поезының вагон 35% толуынан орташа жолаушылар саны аспайтын болса, жоспарланатын жолаушылар айналымын анықтау үшін вагонның толуы өткен кезең бойынша нақты орташа жолаушыларды негізге ала отырып, бірақ теміржол көлігін дамыту бағдарламаларына сәйкес жолаушылар тасымалының жоспарланатын өсуін ескере отырып, кемінде 10% белгіленеді.

      Жоспарланатын жолаушылар айналымын және "тасымалданған жолаушылар" көрсеткішін есептеу кезінде пайдаланылатын өткен кезең бойынша нақты деректердің көзі (елдің жиілігі, жолаушылар айналымы, орташа қашықтығы) Ұлттық инфрақұрылым операторы құжатының деректері болып табылады.

      "Тасымалданған жолаушылар" көрсеткіші мынадай формула бойынша анықталады:

      V тасым. = V жол/км/ S орт.қаш

      мұндағы:

      V тасым.– тасымалданған жолаушылар саны;

      V жол/км– болжамды жолаушылар айналымы;

      S орт.қаш– алдыңғы жыл бойынша жолаушының жол жүруінің орташа қашықтығы.

4. Тасымалдаушының кірістері мен шығыстарын қалыптастыру

      7. Тасымалдаушының кірісі жолаушыларды тасымалдаудан алдағы кезеңдегі ақшалай түсімдер сомасынан, тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістері сомасының 1% құрайтын өзге қызметтерден түсетін қосымша кірістерден құралады және мынадай формула бойынша анықталады:

      D тасым = D жүру +D қос. кіріс

      мұндағы:

      D тасым = жолаушыларды тасымалдау кірістері;

      D жүру = тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      D қос.кіріс = жоспарлы кезеңге тиісті вагонның, поездың түрі бойынша жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасының 1% құрайтын басқа қызметтерден түсетін қосымша кірістер;

      Кіріс түсімдерінің қалыптасуы вагондардың түрлеріне, поездың санатына, қатынастың түріне, жол жүру қашықтығына, тасымалданған жолаушылар және жолаушылар айналымының мөлшеріне байланысты. Жолаушылар және жүрдек поездарында жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс (жол жүру құны) билет және плацкарт бөлігінен тұрады.

      Жолаушыларды белгілі бір бағыт және вагондардың түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кірісті есептеу мына формула бойынша анықталады:

      Dжол жүру= [(Di-1жол жүру / kққс)/VW i-1жол/км]* VQ i жол/км

      мұндағы:

      D жол жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      Di-1жүру – алдыңғы кезең үшін "Экспресс-3" автоматтандырылған басқару жүйесінің деректері бойынша поездың, вагонның тиісті түрінің барлық жүру жолында плацкарт бойынша және Қазақстан Республикасының шекарасында билеттер бойынша кіріс түсімдерінің сомасы;

      VWi-1 жол/км – алдыңғы кезең үшін поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;

      VQ жол/км – жоспарланған кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;

      Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушылар тасымалының жоспарлы көлемін және жолаушылар айналымын анықтау үшін:

      "тасымалдаудың орташа қашықтығы" көрсеткіші тасымалдау жолы ұзақтығының жартысы ретінде анықталады;

      "жолаушылар саны" көрсеткіші жоспарланатын құрамдылығына сәйкес ұсынылатын орындар санынан 50% толуы ретінде анықталады.

      Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді есептеу жолаушының жол жүруінің орташа қашықтығы арқылы анықталады:

      D жүру= [(P жүру / k ққс )* Vi тасымал /VW i жол/км]* VQ iжол/км

      мұндағы:

      D жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      P жүру – вагонның тиісті түрінде жолаушыларды тасымалдаудың орташа алыстығына байланысты белгіленген Қазақстан Республикасының шекарасындағы билет бойынша жүрудің орташа құны;

      Vi тасымал – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылардың саны;

      VWi жол/км – алдыңғы кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылар айналымы сомасы;

      VQ i жол/км – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымы сомасы. Қосымша құнға салық бойынша дебеттік сальдо кіріс болып танылады.

      8. Шығыстарды қалыптастыру тәртібі өндірістік-технологиялық факторларды ескере отырып жолаушы поезының әрбір маршрутына жүргізіледі:

      R тасымалдаушының = R мтж+ Rлок + R вагонды жалға алу + R жолауш.тас.

      мұндағы:

      R тасымалдаушының – толық өзіндік құнына енгізілген тасымалдаушының шығысы;

      R мтж – магистральдық теміржол желісін пайдалану қызметі үшін шығыстар;

      R лок – локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;

      R вагонды жалға алу – вагондарды жалға алуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;

      R жолауш.тас – кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушының шығыстары.

5. Орнын толтыратын шғыстарды анықтау

      9. Субсидиялау көлемі осы Әдістемеде көрсетілген теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты кірістер мен шығыстардың айырмашылық жолымен есептеледі.

      10. Бөлінген субсидияларды қоса есептегенде тасымалдаушының шығындарын өтемеген жағдайда субсидиялау көлемі тиісті кезеңдегі бюджеттің тиісті деңгейін бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес магистралдық теміржол желісі қызметтерінің тарифіне уақытша төмендету коэффициенті есебімен кірістер мен шығыстарының айырмашылығы жолымен есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады