Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 595 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 7372 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.01.2020 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 қаулысына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. "Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 қаулысымен бекітілген

Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 қаулысына сәйкес әзірленген және теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын (бұдан әрі – шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы – "Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсы" мемлекеттік мекемесі, теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін құрылымын жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.

2. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі

      3. Субсидиялауға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстары Қостанай облысының бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушылардың шығыстары жатады.

      4. Тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі шығыстары тиісті жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомалар шегінде субсидияланады.

      5. Шығыстарды жыл сайынғы субсидиялаудың жалпы соммасы жергілікті атқарушы органымен бекітілген Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетте қарастырылады.

      6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін тиісті бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.

      7. Субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 мамырда № 13714 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет аясында жолаушылар поездарының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз ету үшін технологиялық қажетті вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.

      8. Субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері жатады:

      1) магистральды теміржол желісіндегі қызметіне шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс, шығыстары;

      2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға жанармай және электрэнергияны қоса алғанда тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;

      3) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауға тартылған вагондарды күтіп ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы ағытып тастау жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;

      4) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауға тартылған вагондарды жалдау шығыстары;

      9. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына, поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне және жолаушылар ағынына байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне сәйкес субсидиялар көлемін қайта қарауға жол беріледі.

      Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидия көлемін пропорционалды айқындау және теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау шартына (бұдан әрі – шарт) сәйкес вагондардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрісінің өзгеруі есебімен, вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.

3. Субсидия төлеу шарттары

      10. Теміржол қатынастары бойынша субсидияларды төлеу жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      12. Субсидияларды төлеу есептік құжаттамамен расталған тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.

      13. Тасымалдаушы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға басшы, бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) нысан бойынша теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда мазмұндалған көрсеткіштер есебін түсіндіретін жазбаны қоса.

      Бұл ретте, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақта көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес ұқсас тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагондардың жүрісінің жалпы көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады;

      2) орындалған жұмыстар актісі;

      3) теміржол қатынастары бойынша орындалған тіркеме және жолда тоқтамайтын вагондардың тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, түрлері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, поездардағы вагондардың адамдармен толығуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымаудаушының құжаты;

      4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      5) теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі;

      6) субсидияланатын бағыттардың тізілімі;

      7) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттар.

      14. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттарға мыналар жатады:

      1) тасымалдаушы мен жөндеу (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіру бойынша жөндеу) және жасалған шартта көрсетілген техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар арасында есепті кезеңде әр айдың біріндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      2) шартта көрсетілген вагондарды жалға беру бойынша көрсетілетін қызметтердің тасымалдаушы мен ұйым арасында есептілік кезеңінде есеп айырысу әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      3) вагондарды сатып алу және күтіп ұстауға, жалға беру шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация ведомосты және оны есептік кезеңіндегі шығыстарға жатуы, электроэнергия және дизельді жанармай шығыстары бойынша орындалған жұмыстар актісі және шот-фактуралар;

      4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 банктік күн ішінде ұсынысы вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;

      5) кредит шарттарыныҺ көшірмелерін және қаржы лизинг туралы шарттарын сатып алынатын вагондарды ай сайынғы тґлем кестесімен қоса беріліп отырқан қосымшаларды жасауға шаралары бойынша ұсынылған қосымша шегінде куәләндырылған;

      6) осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.

      15. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды тасымалдаушы ұсынған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстары тізілімін және төлем шоттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады