Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 28.12.2020 № 341 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Алтынсарин аудандық бөлімшесі;";
7-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім), алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде:
өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төмен күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Лингер |
Алтынсарин аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Есмуханов |
КЕЛІСІЛДІ
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысы
____________________ Қ. Оспан
2017 жылғы 24 қазан