"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Әулиекөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 198 қаулысына қосымша |